Алматы қаласы № 2 26.10.2021 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- *
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының мемлекеттік атақтарымен, мемлекеттік ордендерімен, мемлекеттік және партия, комсомол, мәдениет ұйымдарының сыйлықтарымен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің мемлекеттік қайраткері, Парламент депутаты, министрі, министрдің орынбасары, облыс және республикалық бағынышты қалалардың басшысы мен оның орынбасары (әкімі, мэрі, губернаторы, КОКП облыстық және қалалық партия комитетінің хатшысы, халық депутаттары Кеңесінің және атқару комитетінің төрағасы мен орынбасары, аппарат басшысы), аудан және ауданға бағынышты қала басшысы (әкім, КОКП аудандық партия комитетінің хатшысы, халық депутаттары Кеңесінің және атқару комитетінің төрағасы мен орынбасары, аппарат басшысы), облыстық, қалалық, аудандық бөлім және басқарма басшысы өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің облыстық және республикалық бағынышты қалалардың депутаты (кеңес, мәслихат, т.б.), облыстық және аудандық, қалалық өзін-өзі басқару орындарының басшылары (аудандық, қалалық Кеңес төрағасы, мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасы) өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО заманындағы кеңшар (совхоз), трест директоры өмірбаяндары енгізілсін.
- Ауылдық деңгейдегі басшы (ауылдық кеңес төрағасы, ауыл әкімі, колхоз төрағасы, мектеп директоры, шаруашылық қайраткері) еңбектері ру тармақтары және тиісті ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
- * Редакциялық алқаның 12.02.2022 жылғы №25 шешімімен өзгеріс енгізілген.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов