Алматы қаласы № 1 26.10.2021 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Тама руының тарихы, шежіресі мен тұлғалары туралы кітап деректері: ел аузынан жиналған әңгімелер, қолжазбалар, бұрынырақ шыққан кітаптар мен басылымдар, архивтік құжаттар және интернет деректері негізінде құрастылады деп белгіленсін.
- Кітап үш бөліктен: тарих, шежіре және энциклопедиялық анықтамалық жинақтарынан тұрады деп белгіленсін.
- 2-1. Энциклопедиялық анықтамалыққа енгізілетін өмірбаянға: 4х6 форматтағы сурет, дүниеге келген (күні, айы, жылы) мерзімі мен жері (облыс, аудан, ауыл), алған білімі (кәсіптік, орта арнаулы, жоғары) мен бітірген оқу орындары (кәсіптік, орта арнаулы, жоғары), қызмет атқарған жылдары мен орындары, шығармашылық адамдарының шығармалары мен олардың шыққан жылы және баспасы, мемлекеттік және халықаралық марапаттары, жеті атасы, марқұм болған кісінің дүниеден өткен (күні, айы, жылы) мерзімі мен жері (облыс, аудан, ауыл), тағы да басқа маңызды деректері жинастырылсын.*
- Жұмысшы топ жұмысын ширату, деректер жинастыруды жеделдету туралы жауапты хатшы мен жұмысшы топтың үйлестірушісіне ұсыныс берілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
- * Редакциялық алқаның 12.02.2022 жылғы №25 шешімімен өзгеріс енгізілген.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов