Алматы қаласы                                            № 3                                         18.11.2021 ж.

«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:

  1. *
  2. Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей Ғылым Академиясының академигі (толық мүшесі), корреспондент мүшесі; тақырыптық Ғылым академиясының президенті, вице-президенті, ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD докторы, Шет елдік Ғылыми академиясының академигі, энциклопедияшы, Нобель сыйлығының лауреаты, Өнертабыс иелері – патент, авторлық құқық қорғау құжаттарының иегерлері, мемлекеттік сыйлықтармен, ғылым саласындағы стипендиямен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
  3. Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің жоғарғы оқу орындарының ректоры, проректоры, профессоры, доценті (қауымдастырылған профессор), деканы; Ғылыми зерттеу институтының басшысы, басшысының орынбасары, бас ғылыми хатшысы, бас ғылыми қызметкері; Ғылым және білім министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент (басқарма, комитет) басшысы; облыстық, қалалық және аудандық басқарма (бөлім)  басшысы, облыстық басқарма басшысының орынбасары өмірбаяндары енгізілсін.
  4. Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының мемлекеттік атақтарымен, мемлекеттік ордендерімен, мемлекеттік және партия, комсомол, білім ұйымдарының сыйлықтарымен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
  5. Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің еңбек сіңірген ғылым қызметкері (қайраткері), еңбек сіңірген жоғарғы білім қызметкері, еңбек сіңірген халық ағарту қызметкері, еңбек сіңірген мұғалім (оқытушы) атағымен марапатталған өмірбаяндары енгізілсін.
  6. Арнаулы орта оқу орындары, ауылдық деңгейдегі мектеп директоры еңбектері ру тармақтары және тиісті ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
  7. Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
  8. * Редакциялық алқаның 12.02.2022 жылғы №25 шешімімен өзгеріс енгізілген.

Редакциялық алқа төрағасы                                                       Ә.Әбжаппаров

Жауапты хатшы                                                                            Н.Рахымжанов