Алматы қаласы №4 29.11.2021 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- **
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей жазушылар одағының мүшесі, хатшысы, құрылымдық бөлімшесінің басшысы; ҚазПЭН мүшесі; халық жазушысы, халық ақыны атағын алғандар; мемлекеттік сыйлықпен және стипендиясымен, жазушылар одағының сыйлығымен, Қазақстан Президентінің стипендиясымен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа республикалық айтыс жеңімпазы, республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы; айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі; бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған халық ақынының өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің журналистер одағының мүшесі, хатшысы, құрылымдық бөлімшесінің басшысы (хатшысы); республикалық (кемінде 10 000 оқырманы бар), облыстық (кемінде 5 000 оқырманы бар), қалалық және аудандық (кемінде 2 000 оқырманы бар) баспасөз құралының (газет, журнал) бас редакторы* (республикалық баспасөз құралы бас редакторының орынбасары, жауапты хатшысы); республикалық, облыстық, қалалық және аудандық телерадио компаниясының, арнасының басшысы, бас редакторы (республикалық телерадио компаниясы, арнасының бас редакторының орынбасары); күнделікті оқырмандарының саны 500-ден кем болмайтын сайттардың директоры, модераторы; журналистер одағының сыйлығымен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің Республикалық блогерлер ұйымының мүшесі, оқырмандар саны 100 000 адамнан кем емес блогерлер; республикалық аудармашылар ұйымының мүшесі; республикалық баспа басшысы, аға редакторы; республикалық, облыстық, қалалық, аудандық баспахана директорының өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының мемлекеттік атағымен, мемлекеттік орденімен, мемлекеттік және партия, комсомол ұйымдарының сыйлығымен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
- * Редакциялық алқаның 18.01.2022 жылғы №10 шешімімен өзгеріс енгізілді.
- ** Редакциялық алқаның 12.02.2022 жылғы №25 шешімімен өзгеріс енгізілген.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов