Алматы қаласы                                              № 5                                         06.12.2021 ж.

«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:

  1. *
  2. Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған музыкант (күйші, домбырашы, қобызшы, т.б.); халықаралық және республикалық күйшілер байқауының жеңімпазы; республикалық күйшілер одағының мүшесі, басшысы; республикалық домбырашылар одағының мүшесі, басшысы; бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған жыршы, жырау; айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі; республикалық жыршы-жыраулар байқауының жеңімпазы; республикалық термешілер байқауының жеңімпазы өмірбаяндары енгізілсін.
  3. Энциклопедиялық анықтамалыққа халық оркестрінің, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық оркестрдің бас дирижері, көркемдік жетекшісі; облыстық филармония басшысы, көркемдік жетекшісі; республикалық, облыстық ән-би ансамбілінің көркемдік жетекшісі; республикалық, облыстық және қалалық ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі, продюсері; республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәдениет үйінің басшысы өмірбаяндары енгізілсін.
  4. Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған әнші; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, халықаралық және республикалық музыканттар және ән байқауының жеңімпазы; республикалық музыка қайраткерлері одағының мүшесі, басшысы; республикалық концерттік ұйымының басшысы, көркемдік жетекшісі, бас концертмейстері; республикалық, облыстық және қалалық музыкалық, опера және балет театрының басшысы, бас дирижері, көркемдік жетекшісі өмірбаяндары енгізілсін.
  5. Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған сазгер; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, халықаралық және республикалық сазгерлер байқауының жеңімпазы; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей композиторлар (музыкатанушылар) одағының мүшесі, басшысы өмірбаяндары енгізілсін.
  6. Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған бишілер; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, халықаралық және республикалық бишілер, хореографтар байқауының жеңімпазы; КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей хореографтар одағының мүшесі, басшысы өмірбаяндары енгізілсін.
  7. Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің өнертану докторы, мемлекеттік атақпен, мемлекеттік сыйлықпен, мемлекеттік орденімен, мемлекеттік және мәдениет ұйымдарының сыйлығымен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
  8. Ауылдық «Қызыл отау» және клуб үйінің меңгерушісі, аудандық және ауылдық деңгейдегі ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісінің еңбектері ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
  9. Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.

* Редакциялық алқаның 12.02.2022 жылғы №25 шешімімен өзгеріс енгізілген.

Редакциялық алқа төрағасы                                                          Ә.Әбжаппаров

Жауапты хатшы                                                                               Н.Рахымжанов