Бұл шаруашылық 1928 жылы социалистік меншік негізінде құрыла бастаған. Сол кездері Сарысу ауданының (орталығы Түгіскен ауылы) құрамына енген. 1932-1935 жылдар аралығында серіктестіктер болып ел күн көре бастаған.

1935 жылы Жетіқоңыр деп аталған Жиделі, Тобылғылы, Қотыршеңгел, Атансор, Қызылжыңғыл, Байғана, Айбат жерін жайлаған Сырдария округі, Сарысу ауданы, Қарақыз болысының 1932-1933 жылғы ашаршылықтан аман қалған ел үдере көшіп, Сарысу мен Сөртінің, Көнек пен Толағай тауларының ортасына келіп қоныстанған.

Сарысу ауданының Жамбыл облысына көшіп, тарауына байланысты қоныстанған ел Жаңаарқа ауданының құрамына кірген.

Алғашқы қоныстанған Жарық, Аралтөбе, Ақтөбе, Кеңсаз, Көнек, Сарысу, Толағай деген құнарлы, шүйгінді жерлер еді. Осы аймақта 8 ТОЗ (серіктестік) құрылып, ел топтастырылды. Сол жылдардан бастап елдің ақылды ақсақалдары, атқа мінер азаматтары, атап айтқанда Кішкентай балалары Асан, Үсен, Жиенбеков Жуанышбай, Әділбеков Қалмағанбет, Жанбеков Нұрмағанбет, Арыстанов Қызылбай, Шаукенов Сүгірбай, Жухин Біләл бірігіп, ақылдасып, Жиделі, К.Маркс шаруашылықтарын құруға ұйытқы болды. Осы бағытта 1939 жылы Жиделі, К.Маркс колхоздары құрылды. К.Маркс колхозын Жиенбеков Жуанышбай, Жиделі колхозын Арыстанов Қызылбай басқарды. Жиделі, К.Маркс колхозы құралған кездері ірі шаруашылық, совхоз болғанға дейінгі кезеңде бастауыш партия ұйымының жетекшілері болып Әйшікенов Жаманбай, Арыстанов Отарбай, Байтілеуов Өтжан, Мұңсызбаев Балағазы болды.

Ферма, бөлімше басқарушылары, есепшілері, мамандары болып Мүтасов Атымтай, Сөртібаев Тұрыс, Қоңыров Назымбек, Түсіпов Жұмағұл, Ыбыраев Сәден, Құрманбаев Шәмшілда, Елбергенов Ноғай, Түсіпов Құлынбет, Жақыпбеков Қуанышбек, Асқаров Мұстапа, Тапанов Қожамұрат, Сарымсақов Әбікен, Исабеков Жәркей, Жанұзақов Ошақ, Күнжолов Мәдіхандар еңбек етті.

Ауыл көлемінде әйелдер арасынан ең алғашқы рет ауылдық кеңестің төрайымы, ферма басқарушысы болған, аудандық советтің депутаты, алғашқы партия қатарына қабылданған Мұңсызбаева Дәлепраз апамыз, тағы басқа ел азаматтары аянбай еңбек еткен.

Серіктестік құрылған 1928 жылдардан колхоздастыру кезеңіне дейінгі уақытта шамалы ғана күн көріспен, аздаған еңбек ақымен, күн, түн демей бел шешпей еңбек еткен азаматтарды ерекше айтып өтуге тұрарлық. Атап айтқанда Медеуов Әбеу, Мамашев Түсіпбек, Бұлтбеков Жолдыбай, Әділбеков Қалмағанбет, Төлмағанбет, Жиенбек балалары Жақсылық, Игілік, Түсіпбаев Тоқтабай, Елбергенов Оразалы, Маханбетов Оңғар, Тапанов Қожамұрат, Бұйрабаев Темешбай, Боранбаев Тәжібай, Күнжолов Бейбіт, Әбішев Бейбіт, Түсіпов Есімсейіт, Қоңыр, Жұмағұл, Смағұл, Тәжібаев Қышанбай, Исин Сейіл, Омаров Смағұл, Құлпейісов Құрмансейіт, Төлепбергенов Ертісбай, Маханбетова Айнагүл, Бимендин Исатай, Білісов Рақымтай, Арыстанова Болтай, Ибраев Бөде, Түсіп балалары Құлынбет, Мәмбет, Қыдуов Өтенбай, Жахия балалары Ақберген, Оразай, Бақыш, Ережеп, Әлібаева Бибіқыз, Қаратаева Кемел, Қаратаева Тиыштық, Күнжолова Торғай, Базарқызы Қызжібек, Үсенова Ағымжан, Елеуова Теңге, Ысқақ балалары Жантас, Аппаз ауылға орнатылған алғашқы диірменге иелік жасап, халық игілігіне жаратқан. Әзбаев Уәли, Әзбаева Сарқынтай тағы басқалары аянбай еңбек етіп, ел құрметіне бөленген.

1950 жылы жоғарыда көрсетілген екі шаруашылық біріктіріліп К.Маркс колхозы болып құрылды. Колхоздастыру кезеңінде кұрылыс материалдары тапшы, жетіспейтін уақытта шопандарға баспана, мал баздарын салуда қолдан кірпіш құйып, сол кездегі салынған құрылыстың 40% атқарған Мамашев Түсіпбек ағамыздың ересен, жанкештілік еңбегін айтпасқа болмайды. Колхоздың алғашқы төрағасы Біржанов Әбіш 1950-1953 жылдарға дейін басқарса, 1953-1954 жылдары Шайхин Сатан, 1954-1962 Дүйсенов Жолкен басқарды.

1928 жылдан бастап өмірлерінің соңына дейін, жоқтан бар жасап, қолдары шебер ұста әкелеріміз Әбіжан, Тілеулерді көз көргендер, еңбектес болғандар үнемі естеріне алып жүреді.

Серіктестік, колхоздастыру кезінде Жылысбаев Қыстаубай, Қыстаубай баласы Сәмен, Шыңғысбаев Жанбырбай, Кемелбеков Керімбек әкелеріміз әр салада аянбай жұмыс істеп, сонымен қатар ислам дінін тарату, уағыздауда көп үлес сіңірген.

1962 жылы Үкіметтің қаулысымен Жеңіс колхозы мен К.Маркс колхозы біріктіріліп Жеңіс совхозы болып құрылды Осы шаруашылықтың алғашқы директоры болып «Социалистік Еңбек Ері» Ыдырыс Жұмабеков, партком хатшысы Көшкінбаев Тілеухан, селолық кеңестің төрағасы Қирабаев Жаман, бас бугалтері Аманбеков Әубәкір, бас инженері Жақаев Қойшыбай, аға прораб Көлебаев Төкен сияқты азаматтар басқарды.

1962 жылы Жеңіс совхозы құрылғанда №5-ші, 6-шы бөлімше болып құрамына енді, №5 бөлімшені Сәлкебаев Әмізе, №6 бөлімшені Мақажанов Зекітай қожа басқарды. 1965 жылы үкіметтің қаулысымен Жеңіс совхозының құрамынан бөлініп жеке К.Маркс қой совхозы болып құрылды. Алғашқы совхоз директоры Жұмашев Құсайын, партком хатшысы Бейкенов Сүйіндік, кәсіподақ төрағасы Байтілеуов Өтжан, селолық кеңестің төрағасы Үсенов Ержан, бас зоотехник Уәлиев Амангелді сияқты азаматтар қызмет атқарады.

1972-1973 жылдары аралығында совхоз директоры Асанов Қоңырбай, партком хатшысы Кенжетаев Нұрғали, кейіннен Адамов Елекен, селолық кеңестің төрағасы Құнашықов Мұхамедия, кәсіподақ комитетінің төрағасы Өмірбеков Алдоңғар, комсомол комитетінің хатшысы Сейілов Байұзақ, бас зоотехнигі Хасенов Берген, бас инженері Ахатов Жеңіс, 1983-1985 жылдары совхоз директоры Кәдіров Бекбосын, партком хатшысы Сәтбаев Таухан, селолық кеңес төрағасы Күнашықов Мұхамедия, кәсіподак комитетінің төрағасы Кәдірбаев Серік, комсомол комитетінің хатшысы Төкебаев Есенғали, бас зоотехнигі Бекетов Аманбай, бас инженері Әзбаев Мұхамедқали болды. 1985-1991 жылдары совхоз директоры Қасенов Бейбіт, партком хатшысы Нұржанбаев Шубай, селолық кеңестің төрағасы Әлин Ғалым, кәсіподақ комитетінің төрағасы Кәдірбаев Серік, комсомол комитетінің хатшысы Жақанов Әбдіқасым, бас зоотехник Өмірәлин Иген, бас экономист Мақажанов Мұқат, бас бухгалтер Кенежанов Алпыс кейіннен Қожамұратов Берген, мал дәрігері Рсалдин Шахизада, кейіннен бас мал дәрігері Бейсенбин Аманғазы, бас агроном Түменбаев Аманкелді, бас инженер Азбаев Мұхамедқали. 1991-1992 жылдары совхоз директоры Қойшыбаев Қанат, партком хатшысы Нұржанбаев Шубай, селолық совет төрағасы Әлин Ғалым, кәсіподақ комитетінің төрағасы Кәдірбаев Серік. Шаруашылық жекешеленіп жаңадан құрылған «Толағай» ауыл шаруашылық бірлестігінің 1992-1995 жылдары төраға болып Қойшыбаев Қанат, орынбасарлары Әзбаев Мұхамбетқали, Кәдіров Бекбосын, бас зоотехник Құлынбетов Бейсенбай сияқты азаматтар басқарып, қызмет атқарды. Шаруашылық жекешеленгеннен бастап 1994 жылдан бері селолық округ әкімі болып Әзбаев Мұхамедғали абыройлы қызмет атқаруда. Шаруашылық ірілендірілген 1962 жылдан совхоз таратылған 1992 жылға дейінгі аралықта негізгі еңбек адамдарыпыц топтасқап жсрі, қайнаған еңбек орны бөлімшелерді басқарған азаматтардың еңбегі айрықша.

Атап айтқанда, Мақанбетов Төкебай, Әбеуов Әлкен, Білісов Кентай, Мәмбетов Өмірзақ, Мәмбетов Жанұзақ, Сүйіндіков Махмут, «Құрмет белгісі» орденді Досанбеков Серік, Жиенбеков Рамазан, Сейілов Жақан, Қожамұратов Берген, Шуланбаев Ілтай, Әлин Ғалым, Әзбаев Қами, Жандәулетов Тиыштықбай, Байжанов Аманбай, Бейбітов Әбдіғалық, Жуанышбаев Ақмағанбет, Мақажанов Зекітай қожа, орта буынды мамандары: Құлынбетов Әлдиген, Жаманов Өскен, Асқаров Кенжебай, Құлынбетов Шубай, Қоңыров Жаманқара, Исенов Оқас, Хабаров Балапан, Тереков Жұмажан, Дуанбеков Жәнібек, Оразалин Аманбай, Жолманов Ескермес, Жиенбеков Рамазан, Көпбосынов Ғабдулла, Оңғаров Нұртаза сонымен қатар шаруашылықтың техника, құрылыс салаларында Оразаев Алдаберген, Мейірманов Әділхан, Мейірманов Сейілхан, Қуантаев Серік, Әбжанов Ілияс, Кәдірбаев Қали, Нүршин Болат, есепшілер Мағзумов Файзрахман (Саудыр), Сарымсақов Аманбай, Тойшыбекова Раушан, Қуантаева Райхан, Қуантаева Рая, Абраймова Баян, Сейілов Байұзақ тағы басқалары қызмет атқарған.

1939 жылдан К.Маркс, Жиделі колхоздары құрылып, 1992 жылғы шаруашылық жекешеленгенге дейінгі кезеңде еңбектің көрігін қыздырып, қыстың қақаған аязына, жаздың аптап ыстығына қарамай, қажымай, талмай, есептеспей, қажырлы еңбек еткен азаматтардың орыны ерекше. Атап айтқанда: Социалистік Еңбек Ері, аға шопан Әлібаев Оспан, Қазақ ССР Жоғарғы советінің депутаты, аға шопан Оразалин Аманбай, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері аға жылқышы Байдулатов Әубәкір, «Құрмет белгісі» орденінің иегерлері аға шопандар Құсайынов Жолдыбай, Тәжібаев Әден, «Құрмет белгісі» орденінің иегерлері алғашқы механизаторлар Қошымов Мұқым, жүргізуші Рақымтаев Ділдаш, майталман шопандарымыз Жұмағұлов Аяған, Есімсейітов Қарақойшы, Исенов Дәулен, Құлынбетов Әбдікәрім, аудандық советтің депутаты Сейілов Ұзақбай, Мұсабеков Тәжібай, Құтжанов Әубәкір, Өзгелдин Серік, Жуанышбаев Оңдыбай, Құлбаев Ғалымжан, жылқышылар Исатаев Қосар, механизаторлар аудандық советтің депутаты Асқаров Нұртаза, Сүйіндіков Нағашыбек, Қуанышбеков Мұқамбетжан, Сембин Серікбай, Байділдин Қойшыбай, Мейірманов Тәшмақ, Темешбаев Есенгелді, Ыбыраев Құрман, Бейбітов Егеу, Құтжанов Аманкелді, Оразалин Бейсенбай, Жақсылық балалары Өзкелді, Өнер, марқұм Кемалов Аманбек тағы басқа азаматтардың еңбегі айрықша.

Бұл өңірде еңбек адамдарын әнімен күйімен тербетіп, еселі еңбек етуге құлшындырып, жігеріне жігер қосқан өнерпаздар жеткілікті. Атап айтқанда суырып салма ақын, әнші марқұм Нұрмағанбетов Көлмағанбет, суырып салма ақын Байбатыров Жәнібек, жез таңдай әншілер Сарымсақов Аманбай, Сейілов Байұзақ, Үдебаева Шайза, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы, Жезқазған қаласының «Құрметті азаматы», әнші Береке Көшенов, Тайжан Қалмағанбетов атындағы байқаудың жеңімпазы, Көкшетауда өткен «Атамұра» байқауының лауреаты Жалын Көпбосынов, Қайрат Байбосыновтың шәкірті Астанадағы өнер академиясының ұстазы әнші Айтбек Нығызбаев, жас әнші Қожамұратов Аманкелді республикалық ақындар айтысының жүлдегері Жанбол, Өміржан Көпбосыновтар, облысқа белгілі «Асыл әжелер» ансамблінің құрамында көп балалы батыр аналар Қалмағанбетова Қуаныш, Мұсабекова Жаңалық, Мұстафина Хакима, зейнеткерлікке шыққан ұстаз Мұсабекова Бақыт, есепші Бәшенова Құндыз, медбике Сүлейменова Марина, үй шаруасындағы Әлдигенова Күміс, Нұрмағанбетова Зэуреш, ансамбльді ұйымдастырушы ұлағатты ұстаз, зейнеткер Әлібаева Мәрияның еңбектерін мақтанышпен ауыз толтырып айтуға болады.

Осы ауылдан республикаға белгілі, білікті де, білімді ғалымдар шығып, бүгіндер жоғары білімді жастар даярлауда еңбек етуде. Атап айтқанда Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Игіліков Әбдірахман, Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Педогогикалық Ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі Сәуле Тапанова, Қарағанды мемлекеттік университетінің меңгерушісі, математика ғылымдарының кандидаты Әбілдә Кенешов, Қарағанды кооператив институтының кафедра меңгерушісі, доцент Қошқаров Сәлім, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Мәмбетова Сағыныштарды мақтанышпен айтуға толық құқылымыз.

 1934 жылдан бастап бастауыш мектеп құрылды. «Айбат» серіктестігінде Қуанышов Құлшынбай, «Жиделі» серіктестігінде Үдербаев Бахрам ұстаздық етті. 1937 жылы «Жиделі» бастауыш мектебінің мұғалімі Хатпин Аманбай, К.Маркс бастауыш мектебінің мұғалімі Қошқаров Көпжасар қызмет атқарды. 1938 жылы Жарық бастауыш мектебінің меңгерушісі болып Әбдіреймов Шахитдин қызмет атқарды. 1952-1954 жылы 7 жылдық мектеп болып құрылды, мектеп директоры Әбдірәйімов Әбдікәрім болды. 1954-1956 жылдары Әбдірахманов Хамит, 1956-1959 жылдары Күленов Әбәлғазы, 1959-1963 жылдары Әбдірахманов Хамит, 1963-1970 жылдары Жуанышпаев Оспан, 1970-1973 жылдары Күнашықов Мұхамедия мектеп директорлары болды. 1973 жылы Карл Маркс атындағы орта мектеп құрылды. Бұл мектепті 1973-1976 жылдары Нығызбаев Танау, 1976-1981 жылдары Жуанышбаев Оспан, 1986-1993 жылдары Бимендин Өзбек, 1993-1994 жылында Нығызбаев Танау, 1994-1999 жылдары Әбікенов Нығмет басқарды. 1996 жылы жоғарғы тиісті мекемелердің шешімімен К.Маркс атындағы орта мектеп Социалистік Еңбек Ері, жерлесіміз Әлібаев Оспанның атына берілді. 1999 жылдан бері мектеп директоры Кемалов Оразбай. Бұл мектепте алғашқы, айтулы ұстаздар марқұмдар Ақшорин Қиғанбек, Қошқаров Көпжасар, Қосыбаев Досымайыл, Арыстанов Отарбай, Каратаев Мәннәп, Жұмабаев Ысқақ, бүгіндері көздері тірі, зейнеткерлер «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» Нұрланова Рабиға, «Қазақ ССР оқу ағарту ісінің үздігі» күрестен СССР спорт шебері Нығызбаев Танау, Дуанбеков Мәлібек, Әлібаева Мәрия, Мұсабекова Бақыттар қажымай, талмай ұрпақ тәрбиелеумен шұғылданды. Шаруашылықтың құрылғанынан бергі әр кезеңдерінде ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау бағытында қызмет атқарған ақ халатты абзал жандардың айрықша еңбегі бар екені мәлім. Дәрігерлер Иванова Антонина, Тойшыбекова Жұмабике жоғары білімді дәрігерлер Жүкенова Мәдина, Жакупова Қуаныш, медбикелер Сүлейменова Марина, Маханбетова Аманкүл, т.б. атап өтуге болады. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін клуб үйі, кітапхана, байланыс бөлімі жайлы айтқанда сонау К.Маркс колхозы құрылған 1950 жылдардан бастап зейнеткерлікке шыққан 1990 жылға дейінгі аралықта қызмет еткен Шалова Қалимаш кітапханашы, байланыс бөлімшесінің меңгерушісі болып игілікті істер атқарды. Республика, облыс, аудан газеттерінің меншікті тілшісі болды. Еселі еңбектері еленбей қалған жоқ. Облыс бойынша «Үздік кітапханашы» атағын жеңіп алған, облыстық, аудандық ұйымдардың тарапынан берілген мақтау қағаздары, алғыс хаттары, көп жылдары сайланған ауылдық советтің депутаты осы еңбектерінің айғағы.

Танау Нығызбаев атындағы спорт кешенінің ашылу салтанатынан

Ауыл халқын қажетті азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуде сауда бірлестігі оны әр жылдары басқарған Сейілов Жақан, Сейілов Байұзақ, Бақтияров Барбол, сатушылар Сарымсақов Аманбай, Асанова Айман, Жұмықова Ақкүліш, Түсіпбекова Зейнекүлдердің еңбектері айрықша.

Ауылымыздың құрамындағы 189 разъезі елді мекені Қарағанды-Жезқазған теміржолының бойына орналасқан. Негізгі ауыл халқы теміржолда жұмыс істеген. Атап айтқанда: Кәдірсізов Есен, Оңғарбаев Қапыш, Ысалов Бейбіт, Алашпаева Аппаз, Мағзұмов Райымқұл, Қасымов Тәжи, Иванов Андрей, зейнеткерлікке шыққанға дейін жол бригадирі, аға шебері болған Сұлтанғалин Биғали, оның ісін жалғастырған Алашпаев Әбдіраштардың еңбектері айтарлықтай орасан. Бұл елді мекенде әртүрлі ұлттың өкілдері тұрған. Осы елді мекенде 4 кластық қазақ, 4 кластық орыс аралас мектебінің алғашқы ұйымдастырушысы Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Тапанов Есенбектің 40 жылдай ұстаздық еткен ұланғайыр еңбегінің айрықша екені мәлім. Бүгіндері халықтың көбеюіне байланысты құрылған орталау мектепті Құлынбетов Әукебай басқаруда.

Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, байланыс бөлімшесінің жұмысын жақсарту бағытында жасалған игілікті істердің басы қасында жүрген техника тілін жетік меңгерген ауыл азаматы Бикенов Мыңжанның жасаған еңбектері бір төбе.

Шәбден Ералиев ауылы бойынша бүгінгі таңда 25 алтын алқа, 23 күміс алқа иелері өмір сүріп, немере, шөбере тәрбиелеуде. Осы батыр аналардың арасынан 16 бала тәрбиелеп өсірген немере, шөбере сүйген батыр анамыз Байдулатова Аққайшы жұбайы Байдулатов Ыбырахым туралы айтуға болады. Сол кездегі партия комитетінің хатшысы Кенжетаев Нұрғалидің тікелей басшылығымен ауыл жастарын сенбілікпен ұйымдастырып салынған клуб үйін салуда басшылық жасап, басы-қасында болған Ыбырахым ағамыздың еңбегін айтып, сол клуб үйі бүгінге дейін халыққа қызмет етуде.

Ұлы Отан соғысы жылдары ел басына үлкен қатер төнген кезде ауылымыздың елудей азаматы ел корғауға аттанған. Осы ағаларымыздың көбі ел қорғау жолында өз өмірлерін қиса, 25-і елге аман-есен оралып, еңбек етіп, ұрпақ өсірді. Атап айтқанда: Арыстанов Отарбай, Қоңыров Назымбек, Білісов Рақымтай, Жиенбеков Қуантай, Иванов Андрей, Күнжолов Мәдіхан, Құлпейісов Құрмансейіт, Түсіпов Құлынбет, Шәмшілдин Айтмағанбет, Жанұзақов Ошақ. Елге оралмаған ағаларымыз: Аманжолов Есенғабыл, Арыстанов Қызылбай, Байдулатов Жұмаш, Қамбар, Байтілеуов Иса, Қалмағанбетов Ибрагим, Құсайынов Зейнолла, Маханбетов Балабек, Ыбыраев Зікірия, Шәукенов Сүгірбай, Қаңтарбаев Үкібай, Қашқынбеков Бейсенбек, Қойшыбаев Аманбай, Қоңыров Бәйкен, Қосмолдин Сұлтан, Мұстафин Үсен, Мұңсызбаев Дулыға, Смайлов Сарбас, Сарин Төлеш, Тайжан, Түймелин Жәнділдә, Тұңғышбаев Дүзен, Оспанов Ахан, Үмбетбаев Қазбек, Балабек, Уәлиев Қалымбек, Әзизин Махан, Жуанышпаев Бөлекбай, Арыстанов Құлбай, Тәжібаев Қиянбек, Ысқақов Жантас, Дәулетшин Құсайын, ұрпақтары бүгінде осы шаруашылықтардың әр саласында еңбек етіп, ағалардың аманатын жалғастыруда. Ауған соғысына қатысқан жерлесіміз Назаров Оралбай 1960 жылы туған. Орта мектепті 1977 жылы бітіріп, еңбекке араласып, 1979 жылы азаматтық борышын Польша жеріне өтуге барды, содан ауған жерінде интернационалдық борышын өтеп, елге аман-есен оралып, абыройлы еңбек етуде.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды үнемі есте ұстау, кейінгі жас ұрпаққа олардың ерлігін паш ету мақсатында 1987 жылы ауыл паркінде үлкен ескерткіш орнатылып, ас берілді.

Бұл ауылдан небір спортшылар шыққан. Нығызбаев Жақсыкүн (Танау) – 1937 жылы туған, Қарағанды педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры баспалдағына дейін көтерілген. Исатаев Өзаман «Балуан шолақ» атанған азамат. 1965 жылы еркін күрестен Қазақстан чемпионы атанған. Моңғолия астанасы – Ұланбатырда өткен жарыста бірінші орынды иеленді. Сол жылы спорт шебері атағын алды, көп жылдар жылқышы болып еңбек етті. Белгілі жерлесіміз Елеусізов Рамазан мерген туралы бірнеше кітаптар шыққан. Осы күнге дейін ел аузында жүрген аяулы әкелеріміздің бірі. Колхозшы болып еңбек еткен, соғыс жылдары совет жауынгерлерін азық пен киік етімен қамтамасыз еткен. Өзінің жинаған көп жылғы ақшасын көмек ретінде ұшақ жасатуға жұмсаған.

Қысқаша тарихты қорытындылай келе, аулымыздың Шәбден Ералиев атына берілуінің себебін мазмұндап түйіндеуді жөн көрдім. Ш.Ералиев осы ауылда 1903 жылы өмірге келген. «Жас кезінен ширақ, елгезек болған» дейді көрген үлкендер. 1911 жылы Түркістандағы жер шаруашылығы училищесін, 1915 жылы Тәшкенттегі 2 жылдық училищені бітірген. Оның саяси сезімі оянып, революциялық жұмысқа жасырын араласа бастады. Тәшкенттегі ВК (Б) ұйымы президумының секретары болған. 1921 жылы Куйбышевтегі ішкі істер халық комиссариатының курсын бітіріп, 1922 жылы Ақмола уезінің милиция басқармасының бастығы, губерниялық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1927 жылы Қазақстан орталық атқару комитетінің председателінің орынбасары қызметіне жіберілген. Бұл шақта ел ішінде тап күресінің белең алып, жанталаса бұлқынған шағы еді. Байларды конфискациялау ісінің қызу жүріп жатқан кезі болатын. Ақыры есіл ер, жалынды революционер Ш.Ералиевті 1929 жылы ұлтшылдар Каспий теңізінің тұңғиығына тастап жібереді.

Ер есімі ешқашанда өлуге тиісті емес. Маңғыстау облысында Ш.Ералиев атында аудан, қала, селоларда көше аттары, орта мектептерге революционердің есімі беріліп, мүсіндері қойылған.

Ш.Ералиевтің туған-туыстары Қызылжар кентінде осы ауылда өмір сүруде. Оның жұбайы – Мақықызы Әлима 1950 жылы Жаңаарқа ауданының Қызылжар станциясында қайтыс болды. Туған інісі Дуанбек ақсақал осы ауылда ұзақ ғұмыр кешіп, 90-ға таяп өмірден өтті. Колхозшы болып еңбек жолын бастап, кейіннен «Айбат» серіктестігін басқарған. Балалары Мәлібек – ұстаз, қазір зейнеткер, Жәнібек – Қызылжар кентінде атқару комитетінің төрағасы, бөлімше зоотехнигі, есепші болып қызмет атқарған.

Дайындаған:
Шубай НҰРЖАНБАЕВ,
селолық округ әкімдігінің маманы

Жаңаарқа. – 2009. – 8 тамыз (№ 40). – 2 б.

  • ** Суреттер фейсбуктегі “Ералиев Ауылы” парақшасынан алынды.