Алматы қаласы                                            № 6                                         13.01.2022 ж.

«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:

  1. Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің өнертану докторы, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қызметкері (қайраткері) атағымен марапатталған, мемлекеттік сыйлықтармен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
  2. Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің мәдениет министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент, басқарма және комитет басшысы; облыстық, қалалық және аудандық мәдениет бөлімі және басқарма басшысы, облыстық басқарма басшысының орынбасары өмірбаяндары енгізілсін.
  3. Энциклопедиялық анықтамалыққа республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәдениет үйі, кинотеатр, архив, музей және кітапхана басшысы; республикалық, облыстық, қалалық архив, музей және кітапхана басшысының орынбасары; түрлі ғылым академияларының кітапханасының басшысы және басшысының орынбасары; сирек кездесетін қолжазбалар мен жазбалар қорының басшысы, басшысының орынбасары өмірбаяндары енгізілсін.
  4. Энциклопедиялық анықтамалыққа республикалық архивтің бөлім басшыларының өмірбаяндары енгізілсін.
  5. Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
  6. Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.

Редакциялық алқа төрағасы                                                       Ә.Әбжаппаров

Жауапты хатшы                                                                            Н.Рахымжанов