Алматы қаласы № 9 18.01.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің еңбек сіңірген сәулетшісі, құрылысшы, жерге орналастырушы атағымен марапатталған, мемлекеттік сыйлықтармен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің сәулетшілер (құрылысшылар) одағының мүшесі, хатшысы, құрылымдық бөлімшесінің басшысы өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа халықаралық және республикалық байқаудың жеңімпазы атанған сәулетші, құрылысшы, жерге орналастырушы өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа жасаған өнімі халықаралық және республикалық дәрежедегі сәулет өнері сәулетшісінің өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің құрылыс министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент (басқарма, комитет) басшысы; республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жер қатынастары жөніндегі комитет (департамент, басқарма, бөлім) басшысы, басшысының орынбасары; республикалық және облыстық жерге орналастыру кәсіпорынының басшысы, басшысының орынбасары; облыстық, қалалық және аудандық құрылыс, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы (бөлімі) басшысы, облыстық басқарма басшысының орынбасары; облыс, қала және ауданның бас сәулетшісі өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау республикалық, облыстық қоғамының басшысы өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған, қазіргі республикалық дәрежедегі тарихи құрылыстардың сәулетшілері (ұсталар, зергерлер, т.б.) өмірбаяндары енгізілсін.
- Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов