Алматы қаласы № 11 18.01.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің еңбек сіңірген спортшы және спорт жаттықтырушысы атағымен марапатталған, мемлекеттік сыйлықтармен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің спорт федерациясының, оның құрылымдық бөлімшесінің басшысы; республикалық спорт қоғамы басшысының өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа Олимпиада ойындарының қатысушыларының және Олимпиада, Паралимпиада, Универсиада, Ізгі ниет ойындары, Азиада, Әлем және құрлықтық, КСРО және республикалық біріншілік пен Спартакиадасы жүлдегерінің өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің спорт министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент (басқарма, комитет) басшысы; облыстық, қалалық және аудандық спорт басқармасы (бөлімі) басшысы, облыстық басқарма басшысының орынбасары; республикалық және облыстық спорт сарайының басшысы, басшысының орынбасары; Олимпиада резервтері, облыстық және республикалық дәрежедегі қалалық спорт мектебінің басшысы, басшысының орынбасары өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің республикалық және облыстық туризм комитеті (басқармасы) басшысы, басшысының орынбасары; халықаралық және республикалық туризм нысанының басшысы өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің халықаралық және ұлттық дәрежедегі спорт шебері, КСРО спорт шеберлігіне кандидаттың өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің ұлттық топтық құрамасының ойыншысы өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, жаттықтырушысы, спорт клубының басшысы, бас жаттықтырушысы өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған спортшылар (палуан, мерген, атбегі, т.б.) өмірбаяндары енгізілсін.
- Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов