Алматы қаласы № 13 25.01.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Энциклопедиялық анықтамалыққа;
а) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің еңбек сіңірген және құрметті ұшқышы, ғарышкері, теміржолшысы, жолшысы атағымен марапатталған, мемлекеттік сыйлықтармен, мемлекеттік ордендермен марапатталғанның;
ә) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің көлік министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент, басқарма және комитет басшысы; облыстық, қалалық және аудандық көлік бөлімі және басқарма басшысы, облыстық басқарма басшысының орынбасары; халықаралық және республикалық әуежай, темір жол вокзалы, теңіз айлағы, ғарыш айлағының басшысы, басшысының орынбасарының;
б) Халықаралық және республикалық көлік кәсіпорынының басшысы, басшысының орынбасары, халықаралық көлік кәсіпорынының бөлім басшысының өмірбаяны енгізілсін.
- Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов