Алматы қаласы                                            № 14                                       25.01.2022 ж.

«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:

  1. Энциклопедиялық анықтамалыққа:

а) Бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған қолбасы, батыр, мергеннің;

ә) Бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған би мен қазының;

б) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының атағымен марапатталған, мемлекеттік сыйлықтармен, мемлекеттік ордендермен марапатталған құқық қорғаушылар мен қарулы күштер қызметкерінің;

в) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының әділет, қорғаныс және ішкі істер министрі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент, басқарма және комитет басшысы; республикалық Ұлан және мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, басшысының орынбасары; облыстық, қалалық және аудандық әділет, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер басқармасы (комиссариат, бөлім) басшысы, облыстық басқарма басшысының орынбасары; Бас штаб, әскери округ басшысы, басшысының орынбасары, Қарулы күштер қолбасшысы; әділет, медицина, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қарулы күштер қызметтерінің маршалы, адмиралы, генералы, полковнигі өмірбаяны енгізілсін.

г) Халықаралық және республикалық әскери, ішкі істер, қауіпсіздік академиясы, училищесі және жоғарғы мектеп басшысы, басшысының орынбасары;

ғ) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының Бас прокуроры, Бас прокурордың орынбасары; облыстық, қалалық және аудандық прокурор, көлік прокуроры; Жоғарғы сотының төрағасы, мүшесі және алқа төрағасы; облыстық, қалалық және аудандық соттың төрағасы; ауданаралық экономикалық соттың төрағасының;

д) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының республикалық және облыстық адвокаттар палатасының басшысы, республикалық және облыстық нотариустар палатасы басшысының өмірбаяны енгізілсін.

  •  Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
  •  Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.

Редакциялық алқа төрағасы                                                       Ә.Әбжаппаров

Жауапты хатшы                                                                            Н.Рахымжанов