Алматы қаласы № 16 29.01.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Энциклопедиялық анықтамалыққа:
а) Халықаралық және республикалық дәрежеде мойындалған халық емшілері; бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған емшілердің;
ә) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының еңбек сіңірген дәрігері атағымен марапатталған, мемлекеттік сыйлықтармен, мемлекеттік ордендермен марапатталған медицина қызметкерінің;
б) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының денсаулық сақтау министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент (басқарма, комитет) басшысы; облыстық, қалалық және аудандық денсаулық сақтау басқармасы (бөлім) басшысы, облыстық басқарма басшысының орынбасарының;
в) республикалық, облыстық, қалалық және аудандық аурухананың бас дәрігері; республикалық, облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары; республикалық, облыстық, қалалық және аудандық бас санитары; республикалық, облыстық бас санитарының орынбасарының;
г) халықаралық және республикалық медицина академиясы, училищесінің басшысы, басшысының орынбасарының;
ғ) ірі курорт, санаторий, демалыс орындарының басшысы мен бас дәрігері, бас дәрігерінің орынбасарының өмірбаяны енгізілсін.
- Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов