Алматы қаласы № 17 29.01.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Энциклопедиялық анықтамалыққа:
а) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының үздік және еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, «құрметті агроном», «құрметті ветеринар», «құрметті зоотехник» атағымен марапатталған, мемлекеттік сыйлықтармен, мемлекеттік ордендермен марапатталған ауыл шаруашылығы қызметкерінің;
ә) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының ауыл шаруашылығы министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент (басқарма, комитет) басшысы; облыстық, қалалық және аудандық ауыл және орман шаруашылығы басқармасы (бөлім) басшысы, облыстық басқарма басшысы орынбасарының;
б) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының су шаруашылығы министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы су алабы департаменті (басқарма, комитет) басшысы; облыстық, қалалық және аудандық су және орман шаруашылығы басқармасы (бөлім, кәсіпорын) басшысы, облыстық басқарма басшысы орынбасарының; ірі су қоймасы басшысының;
в) республикалық ауыл, су және орман шаруашылығы ғылыми институты мен тәжірибе станциясының басшысы, басшысы орынбасарының;
г) республикалық, облыстық, қалалық және аудандық ветеринария басқармасы (бөлімі) басшысы; республикалық, облыстық ветеринария басқармасы (бөлімі) басшысының орынбасарының;
ғ) кеңшар директоры, ауыл шаруашылығы трестінің директоры, заманауи ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны басшысының өмірбаяны енгізілсін.
- Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов