Алматы қаласы                                            № 20                                       05.02.2022 ж.

«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:

  1. Энциклопедиялық анықтамалыққа:

а)  КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының үздік және еңбек сіңірген кеншілері, жер қойнауын зерттеушілері, геологы, шахтері, мұнайшысы; «құрметті геолог», «құрметті шахтер», «құрметті мұнайшы», «құрметті жер қойнауын зерттеуші», «құрметті кенші» атағымен, мемлекеттік сыйлықпен, мемлекеттік орденмен марапатталғанның;

ә) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының геология және мұнай-газ министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы департамент (басқарма, комитет) басшысы; облыстық, қалалық және аудандық кәсіпшілік басқармасы (бөлім) басшысы, облыстық басқарма басшысы орынбасарының; облыстық, аудандық жер қойнауын қорғау инспекциясы басшысының;

б) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының ірі өндірістік кен орнының басшысы және оның орынбасары, өндірістік құрылым басшысының;

в) республикалық геология, мұнай-газ ғылыми институтының басшысы, басшысы орынбасарының өмірбаяны енгізілсін.

  • Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
  •  Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.

Редакциялық алқа төрағасы                                                       Ә.Әбжаппаров

Жауапты хатшы                                                                            Н.Рахымжанов

Алдыңғы жазбаӘулеттік кәсіп санатындағылар деректері туралы
Келесі жазбаДін санатындағылар деректері туралы