Алматы қаласы                                            № 21                                       05.02.2022 ж.

«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:

  1. Энциклопедиялық анықтамалыққа:

а) бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған дін қайраткерінің (қазірет, ишан, ахун, қалпе, қари, әжі);

ә) КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының қоғамдық даму министрі, министрдің орынбасары, министрлік құрамындағы дінге жауапты департамент (басқарма, комитет) басшысы; облыстық, қалалық және аудандық дін істері басқармасы (бөлім) басшысы, облыстық басқарма басшысының орынбасарының;

б) республикалық діни мұфтияттың басшысы, басшының орынбасары; республикалық, облыстық, қалалық, аудандық мешіт имамдары мен медресе басшысының өмірбаяны енгізілсін.

  • Энциклопедиялық анықтамалыққа ауылдық мешіт имамдары, қажы және әжілердің тізімі (аты-жөні, туған-өмір сүрген жылдары, тұрғылықты жері, қажылықққа барған жылы, ру тармағы)  енгізілсін.
  • Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
  •  Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.

Редакциялық алқа төрағасы                                                       Ә.Әбжаппаров

Жауапты хатшы                                                                            Н.Рахымжанов