Алматы қаласы № 24 12.02.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Энциклопедиялық анықтамалыққа:
а) Ресей империясы, Кеңес өкіметі заманында саяси қуғын-сүргінге ұшырап, кейіннен ақталған бай, молда, репрессия құрбандарының тізімі:
ә) Бүкілодақтық Халық Шаруашылығы жетістіктерін Көрмесінің алтын медалімен марапатталғанның қысқаша өмірбаяны;
б) Бүкілодақтық Халық Шаруашылығы жетістіктерін Көрмесінің күміс және қола медалімен марапатталғанның тізімі;
в) облыстың, республикалық бағыныштағы қаланың Құрметті азаматының өмірбаяны енгізілсін.
- Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов