Алматы қаласы № 25 12.02.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Редакциялық алқаның 2021 жылғы №№ 2-5 шешімдерінің бірінші тармағы алынып тасталсын.
- Редакциялық алқаның 26.10.2021 жылғы №1 «Ата-тек шежіресі кітабына енгізілетін деректер туралы» шешіміне 2-1 тармақ мынадай мәтінмен енгізілсін:
- «2-1. Энциклопедиялық анықтамалыққа енгізілетін өмірбаянға: 4х6 форматтағы сурет, дүниеге келген (күні, айы, жылы) мерзімі мен жері (облыс, аудан, ауыл), алған білімі (кәсіптік, орта арнаулы, жоғары) мен бітірген оқу орындары (кәсіптік, орта арнаулы, жоғары), қызмет атқарған жылдары мен орындары, шығармашылық адамдарының шығармалары мен олардың шыққан жылы және баспасы, мемлекеттік және халықаралық марапаттары, жеті атасы, марқұм болған кісінің дүниеден өткен (күні, айы, жылы) мерзімі мен жері (облыс, аудан, ауыл), тағы да басқа маңызды деректері жинастырылсын».
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов