Жазушы, композитор, музыкатанушы Илья Жақановқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Қазақстанның Еңбек Ері” атағы берілді. Төменде Президент жарлығының мәтіні. Құтты болсын, ағайын!

  • * * *

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2022 жылғы 18 наурыз

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.

3.  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  

                 Президенті                                                     Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 наурыз

                 № 838

Алдыңғы жазбаКейбір шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы деректері туралы
Келесі жазбаИлья Жақановқа – Шора батыр медалі табысталды