Ақтөбе обл. Мұғалжар ауд-ның орталығы Қандығаш қаласының ел ауызындағы бұрынғы атауы, негізгі атауы – Қарағанды.
Аташал – Көкі – Жалды атасынан тараған Оразалыұлы Бәйдеу деген байдың атымен аталған. Бұл жерде қалың қараған тоғайы болған ж/е Елек өзені осы тұстан бастау алады. Ол осы жерде ХІХ ғ. екінші жартысында өмір сүрген.
ХХ ғ. басында бұл жердегі тоғай оталып, темір жол станциясы салынып, шойын жол салынады. Жаңа құрылыс орындарын салу үшін «Бәйдеу тоғайы» түгелдей оталып кетеді.
Дереккөзі: Д. Жұмағазина, «Раньше Кандыагаш именовался Караганда» (мақала).