Атақты “Бес жорғаның” шөбересі Төребек (Төкен) Құтжановтың “Жәйремнің жері” атты әнін қабыл алыңыздар. Әні мен сөзі автордыкі.

Аңыз бен арман,
Намыс пен ардан,
Үш ару құрбан болған жер.
Мақпалдай түнің,
Майда жал құмың,
Ырыс құт елге қонған жер.

Қайырмасы:
Жайремнің жері,
Таусылмас кені,
Құшағың ыстық құмыңдай.
Өзіңде қалған,
Армандар алдан,
Шұрқырап шығар құлындай.

Сағынтып жанды,
Мекені ед мəңгі,
Ақбөкен қалай ауды екен?!
Жұмақтай төрің,
Жайсаң ғой елің,
Өзіндей мекен бар ма екен?!

Қайырмасы:
Жайремнің жері,
Таусылмас кені,
Құшағың ыстық құмыңдай.
Өзіңде қалған,
Армандар алдан,
Шұрқырап шығар құлындай.