Көк мешіт. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылы аумағында
















Байеділ сол заманда болыс болды,
Тама елі Ор, Ақсуды қоныс қылды.
Ата-баба Қызылжардан қауым ашып,
Қасынан мешіт салып ұлыс қылды.

Мешітті салдыртты ғой бес ноғайға,
Түспепті тасты қашау еш оңайға.
Тас тасып түйеменен бес жыл салды,
Тұрғызды сәулетті қып Қызылжарға.

Таманың мешіті тұр Қызылжарда,
Қаңырап тұр ғой қазір орта жолда.
Есік жоқ, терезе жоқ бұл мешіттің,
Ұя боп құс, торғайға қалды ойда.

Қоныс қып отырдық қой Ордың бойын,
Ойланбай салайыншы жәрдем қолын.
Мешітке берген пітір сауап болад,
Жарқырап мешіт тұрса асыл орын.

Жиылып қауым ашты Тама руы,
Жатыр ғой кіші жүзден басқа руы.
Қасына мешіт Медресе салдырғасын,
Жиылып қоныс қылған Түрлі руы.

Тұрыппыз «Байеділдің құмағында»,
Қоныс қып Жамбыл деген тұрағында.
Сол жерде ойнап-күліп бірге жүрген,
Ойлаймын сол ауылдың тарлан қырағында.

Әуелі жазайыншы Ор бойының түлектерін,
Тамадан ұшып шыққан ру бөлектерін.
Кенжебай, Дәулеткелді, Жабал болып бәлінеді,
Айырып жазайыншы іріктеп керектерін.

Тікбұтақ басталады Жамантаудан,
Көннен Көкі елінің Жылантаудан.
Бойына Тікбұтақтың қоныс қылып,
Бітеді Тоқмансайдың жағасынан.

Қошандар Тікбұтақты мекен еткен,
Бір жағы тау ішіне кіріп кеткен.
Хамза, Оралтай бұлақтарын мекен еткен,
Үй салып, ертеректе тұрып кеткен.

Ақсудан басталады Тама төрт руменен,
Байбол, Бағалақ, Қараша, Өтеулімен,
Іргелес қоныстанған Назар мен Таз,
Ор бойын толтырды ғой үш Қайыппен.

Қонысы Көкі елінің Бәймен, Сәймен,
Жағасы Тікбұтақтың үлкен жармен.
Көкіден шыққан екен Әулие атам,
Алысқан Есет атам сыртқы жаумен.

Ақжарда мекен еткен Назар мен Таз,
Бір бөлек үш рудын ішінде құрылғаны.
Тамамен жекжат болып Қырғыз руы,
Түбектен жер бергенсін Қырғыздар мәз.

Ағайын сәлем алмас жарлы болсаң,
Жолдастар өзі келеді бойлы болсаң.
Дүние қайта айналып бір келмейді,
Ағайын, ойланып көр милы болсаң.

Үлкен көл, кішкене көр, қарайлас көл,
Қаз қонып, үйрек ұшып, аңға да мол.
Шөбі көп, қалың қамыс биік өскен,
Мал ұстап жазғы жайлау алақытар.

Ақжардан қауым салды Назар, Құрман,
Төменнен Таздар салды Шалбурадан.
Сол жерден саудагерлер жәрмеңке ашып,
Екі өзен қосылған жер кооператив даласынан.

Ыстық қой туған жердің топырағы,
Өзенге шалқып шыққан жапырағы.
Сол жерде ойнап-күліп суға түстік,
Елі бай, суы мөлдір, майлы ғой топырағы.

Сұрасан нағашымды – бескүрек Жағалбайлы,
Соғыс жылы туыппын, 1941, 8 июнь айы.
Туысым кіші жүздің Тамасымын,
Ор бойын қоңыс қылған малға жайлы.

Жағалбайлы – нағашым, түте болат,
Жау тисе батырлары сүйкеп алад.
Жанұзақ Бейсенбайдың баласымын,
Есімім Сейілжанға кеуілім толад.

Ауылдың жігіттері даладағы құлан еді,
Аузы бір татулығы айырмастай ұлан еді.
Елге келген бастықтар текке бөліп,
Көрінбей шағып алар жылан қылды.

Нұралы ел билеуге келіп жетті,
Ауылдан өсек жинап ебін тапты.
Таманы бір-біріне айдап салып,
Үйренген пара алуға өзі мықты.

Тама елі Ор бойында қоңыс қылған,
Жігіт жоқ ұлы Абайдың жолын қуған.
Бастық боп талай жігіт келіп кетті,
Таманың байлығына үйі мен қойны толған.

Балдәурен қалып қойды қойынымда,
Балалық күндер өтті Ор бойында.
Ойланып сол уақытты есіңе алсан,
Ат мініп шабушы едік ел тойында.

Дүние өтіп кетті, байқамаппын,
Қолда бар уақытында шайқамаппын.
Қоймада 25 жыл істесем де,
Өмірге керек қой деп ойламаппын.

Ағайын алыс жүрсе сағынасың,
Құдайым, не салсада бағынасың.
Туысың бірге жүріп өсек айтса,
Өзіңе-өзің кейіп, қағынасың.

Басыңа іс түскенде толғанасың,
Ағайын қашып жүрсе ойланасың.
Осындай уақытында ақыл берген,
Дос – жақсы, жаны ашитын ағайын болмағасын.

Сейіл Жанұзақов,
Ақтөбе облысы.
өлең авторы