Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы “Жауынгер-қарауыл төбесінен” жергілікті белсенді азамат, “Нұр-Қуат” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баттал Нұрманұлының бастамасымен 2020 жылдың 8 қаңтары күні “Қазақ жерінің тұтастығын сақтайық” атты челендж бастау алды. Челенджде көтерілген туларды Шымкент қаласынан Бақытжан Сартөлеуов жеткізді.

“Жауынгер-қарауыл төбеден” челенджді жалғастыруды Ордаасы ауданының Берген ауылы қабылдап алды. Ертеңіне, 9 қаңтар күні Берген Исаханов ауылы өз челенджін өткізіп көршілес Батыр-ата ауылына табыс етті. Челенджге қатысушылар туды ары қарай Ынталы ауылына, одан ары аудан орталығы Темірланға жеткізуге, елді мекендерді аралай отырып облыс орталығы Түркістан қаласына дейін жеткізуге ниетті.

Челендждің жалғасы осы парақшада салынып отыратын болады.