Сапалай – руы Тама Қырықбойдақ. Исатайұлы Сапалай 1894 жылы Арқадағы кіші жүз руларының “Үшабыз” болысында туып, 1930 жылдары қайтыс болды.
…1926 жылы Сырдария губерниялық атқару комитетінің төрағасы Жанайдар Садуақасовты қызметке тұрғанына құты болсын айта Сапалай барады. Арқаның айтулы әншілері, оның ішінде Ғазиздің қасына көп еріп үлгі алған, Үкілі Ыбыраймен жолдас болған Сапалайдың әндерін естігендер естерінен танады. Сапалай соқыр Шөже болып төрден есікке қарай құйрығымен жылжып айтқан өлеңі, Шашубай Қошқарбаев құсап ән салғанда басындағы тақиясын қолын тигізбей қозғалтып біресе желкесіне, біресе маңдайына жылжыта отырып салған әндерін естіген оңтүстіктің шалдары таңқалады. Сәкен Сейфуллиннің 17 ақынға арнаған өлеңінде Сапалайдың аты аталады. Сапалай серілік-әншілік, ақындық (ол көп айтысқан ақын) өнерімен қоса толқылы заманда саяси әлеуметтік мәселелерге араласқан. 1928 жылы Сарысу ауданының белсенділері қатарында болады…
…1930 жылы Созақ-Сарысу көтерілісі кезінде Сапалай басқа жағалаудан көрінеді. Қосаев Бөлекбайдың айтуы бойынша: “Совет өкіметі құлады, Созақты ақтың әскері басып алды” деп Шуды қыстап отырған Сарысу ауданын дүрліктіріп көтеріліске бастаған Сапалай мен Жантөре деген екен. Көтеріліс басылған соң сол 1930 жылы Сапалайды ұстап әкетеді. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.
Асан Жұмаділдин. Жаңаарқа (дерекнама, 2009). 211-212 бб.
****
Ал, енді Созақ қаһармандарына келсек, олар мыналар (279 адамның аты аталады):
199. Исатаев Сапалай – тама.
Алаш тарихи зерттеу орталығы, 1-том, Тама. 3-кітап, 363-б.
***
Сапалай Исатаев.
Дата рождения: 00.00.1891
Дата смерти:
Категории: Жертва репрессий (геноцида) советского режима
Национальность: казах
Кладбище:
Родился в 1891 г., Южно-Казахстанская обл., Сарысуский р-н, аул 4.; казах; неграмотный;
Проживал: Жамбылская обл. (Джамбулская), Сарысуский р-н, аул 4..
Арестован: 0 марта 1930 г.
Приговорен: Тройка ПП ОГПУ в Казахстане 25 мая 1930 г., обв.: 58-2 УК РСФСР.
Приговор: ВМН
Реабилитирован 28 апреля 1992 г. Генпрокуратура РК
Источник: Сведения ДКНБ РК по Жамбылской обл.
timenote.info/ru сайтынан көшірілді.
***
Ел аузындағы деректерге сенсек, Сапалай Созақ көтерілісіне қатысқаны үшін, ұйымдастырушылар қатарында болғандығын ескере отырып ату жазасына кеседі. Кейіннен ату жазасы 25 жылға ауыстырылады. Сапалай есебін тауып түрмеден қашып Өзбекстанды паналайды. Өзбекстанда онымен кездескендер, тілдескендер болған. Осындай кездесуден кейін Сапалай тұрғылықты мекенін ауыстырып жіберген, іздегендер тапай қалды делінеді.
Сапалайдың “Мұхида – Шайбан”, “Екеуің де ақсұңқар” “Сәулем-ай”, “Самалтау”, “Екі айна” атты әндері мен “Сары шолақ” атты күйі елге белгілі. Көптеген әндері мен күйлері ел аузында жүргенімен, көпшілігі ұмыт болған.