2021 жылдың 29 мамыры күні Түркістан облысының Құрметті азаматы Кәрсенбай ҚУНАҚ дүниеден өтті.
1936 жылы 12 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылындада дүниеге келген.
Еңбек жолын 1955 жылы Жамбыл облысында Жайылма совхозында жұмысшы болып бастаған.
1957-1962 жылдары мемлекеттік ауылшаруашылық институтында студент, 1962-1964 жылдары Байқадам совхозында механик, 1964-1967 жылдары Шығанақ совхозында бас инженер-механик, 1967-1973 жылдары Шымкент облысының ауылшаруашылығы басқармасында бөлім басшысы, Шымкент облысының партия комитетінде инструктор, 1975-1980 жылдары Ленгер ауданының екінші хатшысы, 1980-1994 жылдары Шымкент қаласының құрылыс монтаж трестінің меңгерушісі, 1994-2003 жылдары Шымкент қаласының қазақ-герман «KAWEKC» филиалының директоры болып қызметтерін атқарған.
2001 жылдан “Әйтеке би” Қоғамдық қорының төрағасы.
Облыс және ауданның әлеуметтік-экономикалық өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше мерекелік медалдармен, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Жаны жәннатта болсын.