2021 жылғы 8 шілдеде Қазақстандық әйгілі кинорежиссер, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов дүниеден өтті.
Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов (1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылы – 08.07.2021, Алматы) — қазақстандық кинорежиссер, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (1996).
Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын (1969 жылы) бітірген. 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. 1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 1970 жылдан – «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері. 2005 жылдан бері – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі.
Жан Виго атындағы Халықаралық кпубтың мүшесі (Париж қаласы). КСРО Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Жазушылар одағының мүшесі.
Балаларға арналған “Шоқ пен Шер” фильмінің сценарийін (1971 жылы) жазды. “Құрманғазы” атты деректі фильмін (1972 жылы), “Зауал” (1981 жылы), “Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильмі, “Ұрын келген күйеу” (1987 жылы), “Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы), “Көзімнің қарасы”, “Жас аккордеоншының өмірбаяны” (1994 жылы, Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік “Кино-Шок” кинофестивалінің жүлдесі, Халықаралық кинофестивалі жюриінің дипломы, Франция, Анже (1995 жылы); Француз кино өнері академиясының сыйлығын (1996 жылы), тағы басқа), “Омпа” (1998 жылы), тағы басқа көркем фильмдерді қойды.
“Тентек” (1968 жылы), “Ассалаумағалейкум, Атлантида!” (1981 жылы) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.
Анапа қаласында өткен 3ші Бүкілресейлік «Кино-Шок» кинофистивальінің жүлдегері; 1995 жылы Францияның Анже қаласында өткен Халықаралық кинофистивальінің қазылар алақасының құрметті грамотасының иегері; Фрацуз кино өнері академиясының «Жорж Сэдуль» атындағы құрметті сыйлығының иегері; 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Құрмет ордені» берілді. 2000 жылы Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері. 2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды. 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі; 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігініе 25 жыл» медалімен марапатталды.