Атыраулық көнекөз қария, шежіреші, ақын Жарылқап Мұқашұлының (1927-2019) қалың өлең дәптерлеріндегі жазбаларды 2019 жылдың наурыз айында Атырауға барған сапарымда суретке түсіріп алған едім. Қария арада екі айға жуық уақыт өткеннен соң дүниеден өтті. Артында өлмейтұғын сөз қалдырған қарттың 2010 жылы жазған бірқатар өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.

ӨЗ ӨТКЕЛІМ

Жалғанның біраз жасын басып өттім,
Өкініш дей алмаймын босқа кеттім.
Жасымнан алла берген түсінігім,
Өмірдің әр саладан түрін шектім.

Сексен бесғ жылым сиырғ жүзік көрдім,
Тапсырсам қайырымен аманатын.
Жалғанның байқаушы едім шолақтығын.
Адамзат бір-біріне қонақтығын.

Ақырет біреуге ерте, біреуге кеш,
Жазмышта жазған құл болатыным.
Ия, Алла, қайырымен сәттілік бер,
Өлу – хақ, түсінікті барайыным.

Жүрекке тежеу беріп тоқтатамын,
Сап-сап көңіл тежеумен жұбатамын.
Өмірімнің жартысын есіме алсам.
Не боларын ойлаумен таң атады.

Жетпіс үш мүшелімде жарымды алды
Әрі де емес, бері де емес күйге салды.
Келін жоқ, кемпір де жоқ, бала бойдақ,
Өмірдің ауыр асу аттағаным.

Сарғайып сағынумен келін көрдім,
Босағам бүтінделіп қатарға ердім.
Соңына балаларымның сәби еріп,
Үш бұты ошағымның түгенделдім.

Алланың бергеніне мың бір шүкір,
Ақтотым тілі шығып қасыма ерді.
Бәрі де артта қалғандай,
Көргеннің бәрі жалғандай.

Басына түспей батпайды,
Көрмегенге бұл сөз жалғандай.
Өтті, кетті бір уақыт,
Ойласам өмір солағай.

Дүние, шіркін, жалған-ай,
Болу хақ алла жазғаны-ай.
Көресіні көрмей өлмейсің.
Адамның болмас толғаны-ай.
Пенделікпен айтамыз,
Талайлар солай озғаны-ай.

Арында, мейлі аса бер, өне бойы озбайсың,
Нысапсыз ауыз аша бер, бермесе не жеп тоймайсың.,
Барар орның қара жер, мезгілің келді ойлайтын.
Нысап бер алла, нысап бер, аз ғана мынау тірлікте,
Келдің хақ, кету хақ, онсыз дүние болмайтын.

ЕДІЛ МЕН ЖАЙЫҚ АРАСЫ

Еділ мен Жайық арасы,
Екі өзеннің саласы.
Астарханы мен Тураев,
Төрт ғасырдың шамасы.
Орыс пен қазақ таласқан,
Құлдықпен талай күн асқан.
Судан ұқып қазақты,
Басталған сосын таласы.

Хан ордасын салдырған,
Қара самыр құрлыққа.
Жайықтан елді қудырған,
Нарынның жалпақ құмына.
Мұны көрген Асан би,
Қарға бойы Қазтуған.
Талай айтып қалдырған,
Алтын орда о болған.

Жеті жұрт ауып адасқан,
Сегізінші қоғаң Елек дейді.
Екі ғасыр ой жаңғақ,
Мұнан да әдіра қалғандай.
Жеріне ұлы күл шашқан,
Капустияр – Үш оба,
Ортасын үймей жоқ басқан.

СССР болған кезінде,
Жылқы өлді мыңдай тебінде.
Снаряд жолы байқасаң,
Жайпады жола ешкімге.
Адамға қанша зияны,
Үндемеді еш кіледе.
Осының бәрі орыстан,
Қанша бір соғар әлде де.

Колхозский басқарып,
Қазақты қырған бір нәубет.
Құржандай байды малды алып,
Жоғалған кезі әділет.
Ашаршылық жайлаған,
Оң-солға елді айдаған.
Жөнсіз жола шындыққа,
Түрмеге жабу апарып.

Кебіне жүген талайлар,
Сталиндік темір тон.
Ел басқарып малайлар,
Естен қалған талай жан.
Менікі жөн деп қасарған,
Шаш ал десеғ бас алған.

Болмады деп кісі айтар,
Осындай нәубет көргені.
Лениннің ерте өлгені,
Сталин алып қолына
Дүниені шарың бөлгені.
Асыра сілтеу жол алып,
Талайлар босқа өлгені.
Ол қалпынан айыру,
Сол кездегі меңзеулі.

Теріс бағыт қолға алды,
Қазақты түгел жойғаны
«Насаси әнін Берия»,
Қайсарлықпен қолға алды.
Аш жалаңаш көбейіп,
Босқыншылық жол алды.
Жала жауып ұстаумен,
Ерлерім талай жоғалды.

Елдің есі кіргенде,
Тірісі өмір көргенде,
Герман соғыс бастады.
Тосыннан тиген шабуыл
«Белорусия» жерінен
Солдатты қырып тасиды.

Аралас қолына ел өлді,
Мал, мақұлық бөрі де.
Николай теңдік бермеген
Бұрын соғыс көрмеген
Қазақтан солдат көп алды,
Орыспенен тең деген.

Созылды соғыс ұзаққа,
Қазақта қылды қайратпен.
Қалмады, сірә мазаққа,
Батыр шығып ұл-қыздан
Көрсете білді қасыққа,
Орысқа беріп теңдікті.

Қазақтан шыққан батырды,
Көрмей көбі қалды жабықта.
Көз көрген оның дәлелі,
Ұлы Момыш Бауыржан кім еді?!
Москваны жаудан құтқарған,
Денесін түгел жаралап.
Біліктілікпен шайқасқан,
Атағы елге жайылып
Әлемге болған әйгілі.

Генерал шенін тағынып,
Қазақ деп ара жік салып
Бұл да орынсыз әлегі,
Кетті дос болып халіміз.
Уақытша бұған саныңыз,
Қытай мен орыс бір алып
Сонда кетер сәніміз.

Сталин кетті құрдымға,
Маленков тұрып орынға.
Ұсталған жөнді-жөнсіздер,
Мойны босай босанып.
Көңілге тиіп кеңістік,
Бір азғантай жетістік.
Созылмады ұзаққа,
О да күйді тозаққа.

Хрущев келді хрулой,
Шалқадай даусы шарулой.
Целина деп бастады,
Украинды жартылай.
Целинаны көтерді,
Опилька қосып нан берді.
Халық қарай одаққа,
Өлшеулі тағам өзгерді.

Теріс еді планы,
Ойлағаны болмады.
Жерді түгел алдапты,
Ауа райын қазақ қиратты.
Талай мүрде астында,
Атағы өтті жер қоймай.
Қос қолдай қойып Басшыны,
Орыспен кейін жалғасты.

О да кетті отаннан,
Қуғандай қасқыр қояннан.
Аумалы заман ауысып,
Брежнев келіп бұл заман.
Мамид жұмыс бастады,
Асықпады, саспады.

Табан тірер жер басып,
Заманда жылып өзгерді.
Бір кеңістік басталған,
Кеңейген қазақ кезі еді.
Шаруасын да түзеді,
Дінмұханбет Қонаев
Еңбек қосқан сүбелі.

Мал өсіру – өндіріс,
Қайсар жұрт өрледі.
Көмегін берді халыққа,
Артық келді көрді елі.
Жөнді жөн деп білгені,
Ел түзелді іргелі.
Мұны да Құдай көпсініп,
Дінмұханбеттей лонид
Дүниеден озды өрелі.

Еділ мен Жайық саласы,
Талайдың болған таласы.
Түн сақ болған заманнан,
Әріден болған шамасы.
Ислам дінін алғалы,
Біз қазақтың баласы.
Оқсап тұрған қазақ жоқ,
Тартылса әлі жағасы.

Сақауланып тіл кетті,
Тұманданып дін кетті.
«Түземдерше» киініп,
Елден түгел ар кетті.
Ер қадірін білмейтін,
Әйелдік жолмен жүрмейтін.
Арын сатып ақшаға,
Өз жайымен бір кетті.

Тапқанын ердің ит жеді,
Арқасын көптің бит жеді.
Шет елдікті жинады,
Еңбегі еткен есепсіз.
Итке сүйек салғандай,
Етін жеп сүйек итерді.
Мұны көрер басшы жоқ,
Өздері бірге жем жеді.

Сатылып көп ақшаға,
Алым алу масқара.
Үй салуға жер алсаң,
Әкімге деген бір «пара».
Ірі малдың құны деп,
Есептеген ақшаға.
Осындай әкім көп көрдік,
Онда жоқ иман, ой-сана.

Пенде жоқ сірә өлмейтін,
Көбейді «Медик» білмейтін.
Білсе-дағы шалқайып,
Зауқы жоқ сырқат емдейтін.
«Таблетка, уколын» сатып беріп ақшаға,
Өлсең тұрма дегендей,
Салқын сөйлеп именбей.
Есіктен шығып кеткесін,
Етіңе тікен тигендей.

Ел басы болған өрлейді,
Халыққа теңдік бермейді.
Құжат жайлы барғанға,
Қолын созып сермейді.
Алым алу – мақсаты,
Өлмеген көзін меңзейді.

Чиновник тойып есірді,
Асаудай бұлқып секірді.
Екі қатар үйі бар,
Шалжиып жатып кекірді.
Ешкімменен тілдеспейді,
Дүниеде өзі секілді.
Қол қояр Тәуба онда жоқ,
Иманнан да ол қол үзді.

Елде тәуіп көбейді,
Көбінің жоқты көмегі.
Құмалақшы – бақсылық,
Аруағым бар деп көшпелі.
Жасқанып келіп сөйлейді,
Көргендей әруақ көктегі.
Әруақ түгіл ит те жоқ,
Ақша алумен шектелді.

Шолақ Иман жол алды,
Білмейтін «Құлқуа Алланы».
«Ясини» хабары жоқ,
Үзінді жұрнақ жалғасы.
Сонымен шынатта шығарды,
Өзінің бар ма иманы.
Бас Имам не деп жіберді,
Ақша жинау болғаны.

Молдалық болды оңайдан,
Қорықпаса Құдайдан.
Шықтым деп Құран ақша алу,
ҚұлқуаАлладан асқан білімі жоқ.
Ясинді жорты айтқан,
Келіспейді көп жері.
Талай сөзі өзгеру,
Иманмын деп кім айтқан
Қорықпаған Имам Құдайдан.

Жетесіз болып ұл өсті,
Кекесіз болып қыз өсті.
Нәсілсіз туған баладан,
Күтерсің қандай үмітті.
Балта шапты ұрпаққа,
Тыйым салып құрғаққа.
Екі гүл бола асырмай,
Осылай қабақ білінді,.
Аяққа басты дініңді.

Әйелге даусы өте алмай,
Арақпен құрып ер өтті.
Орысша өмір сүрем деп,
Сыпайы бойдақ жүрем деп.
Айырылысу жол алды,
Әрқайсысы өзім білем деп
Ақшаға тағы сатылды.

Туса ақша берем деп,
Назарбаев заң қылды.
Сонан туу басталды,
Көбейді де тастанды.
Жетім қозы-лақтай,
Үкімет баға бастады.
Шетінен сатып сыртқа,
Ыңғайлы болды шет жерге,
Арзаннан құл табылды.

Бахаббистік жол алды,
Азғана емес мол алар.
Сатылумен ақшаға,
Мешітті, елді былғады.
Кімдікі дұрыс, кім қисық,
Халықтың жоқ болжамы.

Ислам қылған Мұхаммад,
Мұның да діні жаралы.
Осының жайын ойласаң,
Күн болар түбі қаралы.
Адамзаттың кіл хатты,
Қоянға түгел айналды.
Қоянда да тәртіп бар,
Адамнан қулық жоғалды.

Суретін көріп сүйісу,
Сонан соң қалған түйісу.
Тай өгіз бұқа қашардай,
Қалғаны сонан сүзісу.
Енді қайта көрмейді,
Олжасын алған жол алмай.
Халық алдында ұялмай,
Буылтық-буылтық жүреді.

Бақа жүнінай жыландай,
Қазақшылық дәуір қашады.
Жеңіліп болған салмағы,
Шапағат бардан күтпейсің.
Қол қайыр кеткен ондағы,
Мола салу елдікі еді.
Оған да ақша алады,
Сонан әрі не қалды.

Жаппағаны ма жараны,
Көрмесіні әлі көрерміз.
Тағдыр жеткен өлерміз,
Кісі өмірі есепсіз.
Наркоман болды көп жастар,
Некесіз туған жетесіз.
Онда онда жоқ есте жоқ,
Мәңгүрттік басқан естісіз.

Теңіз жатыр тебіреніп,
Мақұлық шулап күңіреніп.
Өлуді түлен бастаған,
Басқасын айтпай бүркеніп.
Қамысы майға былғанған,
Бақасы жатыр шулаған.
Маса шыбын бұл өлді,
Ақиқатын айтсақ біз.

Теңізде айтар не қалған,
Балығы қашып жайына.
Алдындада жоғы әзір тұр,
Тиісіп жатыр қайыққа.
Теңізге салды бұрғыны,
Қара жері жетпестей.
Есепсіз елдің тұрғыны,
Адамға зиян етпестей.

Мақұлық өліп жатқанда,
Берер оған кім кепіл.
Киік өлді оралдай,
Он екі мың деп саналған.
Мақұлықта бір зауал,
Балық деп таңдап обадай.

Капустин Яр шектес жер,
Қасында Қарашығанақ.
Жер астынан шыққан газ,
Кетуі мүмкін жағалап.
Басшылар оны жасырып,
Басқан болар сағадан.
Жайдан жай киік өлмеген.
Тосын өлім жол алды,
Төсектен тұрмай көп қалды.

Күнелтсе керек адамға,
Жұмыстан қалып болмайды.
Экология жол алып,
Жастар кету жол алды.
Санасып жатқан басшы жоқ,
Жөн айтар медик және жоқ.
Осылай адам өлуде,
Шағым айтар пана жоқ.

Өзі де солай өлгенше,
Сол бағыттан аумайды.
Карбатом атты зауыт бар,
Салынып жатқан жаңадан.
Күкірт пен газ жұмысы,
Осыны жікке айыру.
Өлетін сода өлерде,
Кететін қолың кетере.
Осымен халық тоқталар,
Горбачовтың басшы болған бір заман.

Әзір асқа Брежнев Қонаевтың тастаған,
Тәртіп деді талқылады оң солға.
Шығарғаны байқалмады жаңадан,
Елге қысым бұл да біраз көрсетті.
Айырып жік аса сөйлеп шамадан,
Ата тегі тарихы жоқ елге айтар.
Еврей мен поляктың қосындысынан жаралған,
Осылайша СССР-да жиырма жылдай болдырды.

Кімге қалай түсіргендеі аспанды,
Америка ара-жігі аз болмай,
Аю Буштан байқағанға жасқанды.
Ақырында үкіметті құлатып,
Перестройка атом жанып тоқтады.

Қолдай беріп патша тағын еврей деп Ельцинге,
Заманақыр жай халыққа осы жерден басталды.
Ельцин тұрды алакөбең заманда,
Ел түсінбей алаң болды аманға.
Халық қалып тоқырауда күйзеліс,
Дорба арқалап қайыршылық шамада.
Қазақстан сол арадан бөлініп,
Назарбаев «Самозванец» патшалықты алғаны.

1986, Колбин салған ылаңнан,
Замы болып ол басқарған алаңда.
Өлі міне ортақтасқан жастардың,
Судан таза, сүттен ақ бола қалған сол маңда.
Ел үрікті, енді әңгіме бастауға,
Әркімге де бола қалды бас сауға.
Осыменен жойқын қазан жабулы

Қан ішкендей бола қалды тап-таза,
Осылардың көбі әлі тақта отыр.
24 жыл ескірді деп жасқана,
Алматыдан бөлінген жер Ақмола.
Көп ұзамай атын алған Астана,
Атың қалу, қала салу мақсатпен,
Ел үшін деп атын жайып басқаға.
Елдің әлі төрттен бірі қайыршы,
Түкпірде жүр дорба салып далада.

Біледі оны төмендегі басшылар,
Елдің етін жұлып жеген баққұмар.
Бақ берді деп түсінеді көп надан,
Оған да бар алдында үлкен бір зауал.
Осы жердің сыбағасы Құдай әлі берген жоқ,
Бір зауалы болуы хақ, бар шығар.

Маңқыстауда соңы Бекет, үш жүз екі әулие,
Бір күндерде теңізді де қопарады.
Жер сілкініп Жайық суы жер астына кетпесе,
Бір Құдайдың есебінде кім қалуы, кім кетуі бар шығар.
Ғасыр бойы қазылған жер бір дала,
Америка – Англия қолға ала.
Милиардтай мұнай алып қуанған,
Соны берген әуелі Алла сар дала.

Пайда болды халқымызға жұбаныш,
Көк мұнайы мақтаныш пен қуаныш.
Түгел елге бұйырмаған ақшасы,
Орталыққа жинап алып молаға.
Атақ-даңқың өмірге бір келетін,
Оны өзі Жаратушы уақытша беретін.
Аса ма, таса ма, құнарлығы қана ма,
Жете алмай жолда өлетін.
Байқасаңыз әлгідей әзәзіл дүние,
Кейде өлі, кейде тірі көметін.
Түсінбей жүрген пенде көп,
Байлық, барлық, мансапқа сенетін.

Мына заман ұялы газдың, зәрлі саздың заманы,
Босқындықпен елдің құрып амалы.
Дорба арқалап, базар кеткен әйел, ер,
Тек құлқыны ойлай алмас одан әрі сананы.
Бала қалды, бақташы жоқ үйінде,
Бір ме, беске кілт астында қамаулы.
Еш уақыт бақша тимейді нашарға,
Чиновник белді тұлға, алғы кезек алғаны.

Үстінде үй жоқ, он жыл өткен кезекте,
Жолдан тосып ақшасы бар алып жатыр кезекті.
Әкім семіз, джип, мерседес мінгені,
Жай халыққа бұл көрініс толдырады өзекті.
Тазалық деп жалдамалы адамдар,
Ортасында қағазда тұр талайлар.
Машинада жолдадың деп айғай екі-үш рет шығады,
Елде түгел түсінікті бұл епсе.

Архитектор әкімменен сыбайлас,
Тіке жол жоқ, елге оралас, ыңғайлас.
Тон жамылып әкімді ұстап алдына,
Жолы ашылған ақша жеудің арты лас.
Бір басталды қорықпайды әкімде,
Күнде думан мол табысқа түнде мас.
Сорлы халық баран беріп жер алды,
Өзі тоқтар ешуақыты аш адамға пысқырмас.

Шау шыққан чиновник көбейді,
Жатып тұрып Құдайға өзін теңейді.
Жалшы жалдау тегін еңбек баққаны,
Жасатып ап еңбегінде бермейді.
Құдайы жоқ харам асқа семірген,
Хабары жоқ ақыреттен, өмірден,
Осыларды Құдай неге көрмейді.

ҚАРА ӨЛЕҢ

Жем қайда, Сағыз қайда, Қайнар қайда,
Жүйрік ат, өткір қылыш жанға пайда.
Толайдай жан жүйкелеген мынау мекен,
Жалғасқан теңіз жаға кең желікпен.

Тартыстың талай заман болған жері,
Ірісі Ақсақ Темір Алтын Орда шабылғанда.
Бастауы бұл өлеңнің ерте бастан,
Қайғылы қасіретке үнде қосқан.

Әр түрлі ол жауласыпты, соны қалмақ,
Жазылған ол жөнінде талай дастан.
Алтай мен Атыраудан Астарханға,
Сол дала Қазақ-қалмақ қанын шашқан.

Арасы Еділ-Жайық сонау Нарын,
Желіп жүріп босқан екен ескі сарын.
Қазақтың сегізімен келген жері,
Әдіра қалуға тұр мұнайда орвн.

Суы ащы, шүйгін шөп жоқ бұрынғыдай,
Шағыл жоқ, қара быдыр алған сәнін.
Ойыл – Қыйыл – Жем – Сағыз. Ноғайтаны,
Айтылар осы жерде сөздің шыны.

Жеті ру Тама-Табын, Есен-Барақ,
Ноғайы Есет батыр ағайынды.
Аяқ құм қыс – қонысы болған екен,
Жаз жайлау, мал төлдетіп сағыз иіні.

Жеті ру – Жеті Атасы Тама-Табын,
Кердері, Жағалбайлы төрт Атаны.
Үш Ата Кіші жүзде қалған жоғы,
Төрт Ата Кіші жүзде ерте келген.

Жау десе найза-садақ қолына алған,
Сол батырлар кезіндегі бір өткен.
Үзеңгілес болған екен Бекетінен,
Нағашылы-жиен болып жұрағат.

Өз кезінде замандары үдеткен,
Батыр болып баласы еріп Бараққа.
Асау Барақ ат шабуға қол жеткен,
Аяқ құмда Асау Барақ Ноғайтының зираты.

Жетірудың әр уақыт қымбатты,
Ақтөбеде зираты мен мешіті тұр Сейіттің.
Сән түзеген салтанатты, сымбатты,
Рахмет ағайынға күш салған.
Ру – жікке, Ата – текке тіл қатты.