Алматы қаласы № 7 13.01.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей халық және еңбек сіңірген суретшісі атағымен марапатталған, мемлекеттік сыйлықтармен марапатталғандардың өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа КСРО және КСРО-ның құрамдас республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің суретшілер (дизайнерлер) одағының мүшесі, хатшысы, құрылымдық бөлімшесінің басшысы өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа халықаралық және республикалық байқаудың жеңімпазы атанған суретшілер, мүсіншілер, өнертанушылар, фотографтар, фотомодельдер, дизайнерлер, зергерлер, ұсталар, қолөнершілер, музыкалық аспап шебері өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа жасаған өнімі халықаралық және республикалық музейлерге қойылған бейнелеу өнері тұлғалары өмірбаяндары енгізілсін.
- Энциклопедиялық анықтамалыққа бұрынғы замандардағы халық арасында аса танымал болған, қазіргі республикалық дәрежедегі тарихи құрылыстардың сәулетшілері өмірбаяндары енгізілсін.
- Жоғарыда аталған тұлғалар туралы ру тармақтары және тиісті аудан, ауыл жөніндегі мақалаларға енгізілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов