Алматы қаласы № 22 05.02.2022 ж.
«Бір шежіре – Бір тарих» редакциялық алқасы шешім қабылдады:
- Тама тарихы туралы кітап және көкейтесті шығарма (мақала, ән, әңгіме, өлең) жазған тұлғалар жөнінде: Тама тарихы кітабында – жасаған еңбегі тиісті бөлім және тармақ туралы мақалаға; Тама шежіресі кітабында – шығармашылық қысқаша өмірбаяны суретімен; Энциклопедиялық анықтамалыққа толық өмірбаяны енгізілсін.
- Тама шежіресінің негізін түзуге еңбек сіңірген тұлғалар жөнінде: Тама тарихы кітабында – жасаған еңбегі тиісті бөлім және тармақ туралы мақалаға; Тама шежіресі кітабында– тиісті тармақтың шежірелік кестесінің астында есімі жазылып, кітап соңында шығармашылық қысқаша өмірбаяны суретімен; Энциклопедиялық анықтамалыққа толық өмірбаяны енгізілсін.
- Тама шежіресін қалыптастыруға еңбек сіңірген тұлғалар жөнінде: Тама шежіресі кітабында тиісті тармақтың шежірелік кестесінің астында есімі жазылып, кітап соңында есімі суретімен енгізілсін.
- Тама тұлғалары туралы кітап және көкейтесті шығарма (мақала, ән, әңгіме, өлең) жазған тұлғалар жөнінде: Тама тарихы кітабында – жасаған еңбегі тиісті бөлім және тармақ туралы мақалаға; Энциклопедиялық анықтамалыққа шығармашылық қысқаша өмірбаяны суретімен енгізілсін.
- Тамалар орналасқан аумақтар, жер-су атаулары туралы кітап және көкейтесті шығарма (мақала, ән, әңгіме, өлең) жазған тұлғалар жөнінде: Тама тарихы кітабында – жасаған еңбегі тиісті бөлім және тармақ, орналасқан аумақ туралы мақалаға; Энциклопедиялық анықтамалыққа шығармашылық қысқаша өмірбаяны суретімен енгізілсін.
- Тама тарихы кітабында – Тама руының және оның бөлімдері мен ру тармақтары орналасқан аумақтар, жер-су атаулары туралы кітаптар мен мақалалар жазғандардың еңбектері туралы арнайы мақалалалар ұйымдастырылсын.
- Жоғарыда аталған кітапқа қажетті деректер жинастырумен шұғылданған тұлғалардың еңбегі жөнінде Тама тарихы жөніндегі кітапта ұйымдастырылатын арнайы мақалада аталып, есімі суретімен қоса берілсін.
- Осы шешімді орындау үшін жауапты хатшы Н.Рахымжановқа жолдансын.
Редакциялық алқа төрағасы Ә.Әбжаппаров
Жауапты хатшы Н.Рахымжанов