Созақтық шежіреші қария Нұриддин Абдрахмановтың қолжазба дәптеріндегі Шора батыр туралы, оның жерленген орыны туралы деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
Кеуістен 2 қатыннан 3 бала Нәрік, Есімхан, Ермахан.
Нәріктің 1 қатынынан қазақ, 1 бала Шора.
Шорадан 3 қатынынан 3 …., 1 қатыны Табын Әлімнің қызы, мұнан 1 Әліп, 2 қатыны Долы қызы Мәженнен 1 Жөгі, 3 қатыны Қалман Қараханның қызы Жөрметоздан 1 Қалқаман.
Қалмақ Қараханның қаласын Шора шауып алып Қараханды өлтіріп, қызы Жөрметозды алып келген соң, Шора тағы Есімханмен бірге 1622 жылы Тәшкенді шауып Тұрсын ханды өлтіріп қайтқанға дейін Жөрметоз көшіп кеткен. Себебі, Шораның үлкен қатыны Табын Әлімханның қызы Жөрметозға айтады: «Сен ат құйрығына мінгесіп келген қалмақ қызысың, менің шайымды қайнатып, қызметімді істейсің» дейді. Бұған Жөрметоз көнбейді, демек бұл да ханның қызы, өзі екі қабат еді. Төркін жұрттына қашып барып ұл туады. Баланы қалмақтар баулай береді. «Сенің әкең Қараханды Шора өлтіріп кеткен» деп. Шора мұны есіткенмен іздеп бармайды. Бала ержетіп қалды. Есімхан мен Шора тағы бір жерге кеткенде бала келіп елін шауып кетеді. Бір емес екі мәрте шабады. Адамда өлу керек, бұған Шораның ашуы келіп барайын десе Есімхан жібермейді, «Қой, есі кірсін, өзім барып алып келемін» десе, «Өзіміз екен, қой» деп Есімхан бір күні өзімен тарту болып баланы алып келуге жүріп кетті. Мұны есіткен бала Есімханды ұстап пенде етіп анасы Жөрметоздың қолына берді. «Қандай етіп өлтірсеңде ықтиярың әйтеуір өлтір» деген соң, оны Жөрметоз оңаша үйге кіргізіп жақсылап баға берді.
Шораға хабар Есімханды өлтірді деп тиді. Шора бұл жөгермекті өлтіріп қайтайын деп шықты. Шораның хабарын есіткен бала әскерін жинап дайын болды. Бала шығып бара жатқанда анасы Жөрметоз баласын шақырып алып қолына бір айна берді, балам әскер мен әскер жақын келген соң тоқтап, жекеме жеке деп шығады Шора бұрыннан әдеті. Сонда әрдайым Шора өзі шығады, астында шұбар аты бар, байқа егер өзі шығады. Міне айнаға қара оған, қара да қарсылық етпе, маған қайтып кел, «Тоқтай тұрыңыз» деп тоқта деп тапсырды. Бала айнаны қолына алып ұрысқа кетті. Барып екі жақтың әскері айқасқан соң тоқтап «Жекеме жеке» деді әкесі айтқандай. Жекеге Шора өзі шықты, бұл жақтан бала шықты. Анасы айтқандай бала мен Шора қарсы келгенде бала айнаға қарап өзіне қарады. Жасы болмаса екеуін адам ажырата алмайтын еді. Шораның басын балаға орнатқандай еді. Бала Шораға қарады да, «Сіз кідіре тұрыңыз» деді де қайтып үйіне келді. Алдынан анасы да шықты. Баласы «Мынау қандай жағдай» деп сұрады. Жөрметоз анық жағдайды айтады. «Қарахан нағашың, сенің әкең Шора» дейді. Тегіс өткен жағдайда түсіндіргенде бала ашуланып кетті. «Мені жұртыма қарабет етіп Есімхан сынды атама қолымды тигізіп, сөзімді тигізіп, мені адамгершілігім қасиетім қайда енді? Әкеммен ұрысқа шықсам алдауға түсіп, мен не болдым» деп бола долданып «Менің ел-жұртыма, ата-әкеме не деп бетіне қарап сөйлесіп дидарын көремін. Мұнанда жоқ болып өлгенім артық. Енді мен сендерге жоқпын, қаңғырып өлемін» деп жүріп кете берді.
Жөрметоз барып атасы Есімханды шығарып жылады. «Балаға ата-тегін айтып ем, атама қолым тиді. Ел-жұртымды былғап тілім тиді. Қарабет болдым енді, бетін қандай көремін. Енді көрінбей өлейін деп қаңғып кетті. Майданда ел-жұртыңды шабамын, халқыңды қырамын деп ініңіз келіп тұр, мені де өлтіретін шығар» деп Жөрметоз атасы Есімханға жылады.
Есімхан ашумен Шораның алдынан шығып жылады. «Ағам Нәрікке: Балаң жоқ, шұбар атты маған берғ мен мінейін деген сөзді алдыма келтірейін дедің бе?! Мен қу бас бала етемін, өзім алып келемін деген едім, маған сен сол баланы қимай келдің-ау. Болмаса, келінім тұрғанда. мен қу басты кім өлтірер еді. Ал, енді сол баланың артынан мен де құрыдым, келініме тиме» деп жылаумен Есімхан да жүріп кетті.
Есімхан сонымен жүріп бір күндерде 3 айырық жолға келіп жетеді. «1-еуі барса келмес, 2-шісі барса келер-келмес, 3-шісі барса келер. Ұзақ айналыс: Индиядан, батыста қазірдің өзінде совет жазушылар жақсы біледі. Оқушы оқып жақсы біледі.
Есімхан көп ойланып отырып қой, бұл бала ашумен шыққан бала бұл ешнәрседен қорықпай да мына барса келместен кетуі керек. Осымен жүрейін деп Есімхан да барса келмеспен жүріп кетеді. Жолда әртүрлі жыртқыш жылан, азулы аңдар, жабайы адамдар, түрлі мақұлық кездеседі. Бұлардан аман өтіп, атын ұмыттым, бір қалаға жетеді. Шаршаған адам бір шетте құлаған талдарға келіп ұйықтап қалады. Ертемен қала күзетшісінің қолына түседі, сырттан келген түсі бөтен адам ханына апарып тапсырады. Ханы сұрайды, қайдан келгенін, неге жүргенін, ұзақ жайдың адамы баласын іздеп жүргенін, болмаса қанда қарақшылықпен жүргенін қайдан білсін, айтуы бойыншща біле ме, білмей ме өте ұзақтың адамы. Дереу бір жас Жәллетті шақыртып алады да бұйрық береді, «Исі қалаға келмейтін бәлендей жерге апарып басын кесіп өлтіріп кел» дейді. Жас Жәллет қолына, аяғына кісен салып айдап жаяу жөнелді. Жәллаттың аты бар қаладан ұзап шықты. Бір жерге келгенде Жәллат айтады: «Қаны қайсы мыллатсың, мұсылман болсаң құлшылық 2 рәкат намазыңды оқы. Енді өтетін жеріңе жеттің» дейді. Тілге келген жері осы еді, Есімхан балаға қарап тұрып жылады. «Балам, менің арманым ішімде кетіп барады. Соған тапсырсай көңілімдегі арманымды» деп Есімхан жылап еді, жас Жәллет «Айтыңыз» дейді. «Менің іздейтін елім қашық, ұры емеспін. Қары емеспін. Баламды іздеп жүр едім» дегенде жас Жәллеттің түсі бұзыла берді. Айтқызбастан бала «Кімсіз?» деді. Бала «Есімхан атым, Есімхан – Шораның ағайынымын» дегенде аттан жығыла түсіп Есімханның аяғына бас ұрып, бала өкіріп жылай берді. «Атажан, сені азапқа салып қинадым. Мен елімнің, сіздердің дидарларыңды қайтып көремін, атажан?! Кешір» деп жылай берді. Есімхан баласын бауырына басып жылады.
– Есен-сау балам көрдім сені,
Алланың бұйрығымен көрдім енді.
Тірлікте көрдім есен-сау,
Разы болдым өлімге, – деп Есімхан баланы бауырына басып баласымен ботадай боздап табысып. Балаға табысқаннан соң бола атына мінгізіп, қайтып алып Мауреп ханына қайтадан алып келді. Хан: «Иә, неге қайтардың» деп сұрады. Бала бастан-аяқ оқиғаны айта келіп, өзінің басынан өткен істерін, Есімхан атасы екенін, әкесі Шора екендігін» дейді. Хан да бұлардың негізі бар адам екенін түсінген соң бұларды құрметке алды да күтті. Бұрын хан баланың ата-тегін сұрамастан қайраткер тек емесін біліп, Жәллет етіп алған екен. Хан бұларды біраз бағып қайтамыз дегеннен соң өзінің қызын балаға қосып, қаншама әскермен барса келместің жолынан өткізіп салып қош айтысып әскері қайтады. Есімхан баласы Қалқаман мен келнін алып есен-сау еліне келді.
1 – Есімхан,
2 – Ермахан,
3 – Қалмахан.
Бұл үшеуі нағашы жұрты Стамбулда қалды. Жөрметоздан туған бала Шора емес, Есімханың атында қалды.
Бұл әңгіменің Тастының Ақөткелі екінші фермесі отырады, соның қасында “Тәшен кәлпе” деген әулиені қыстап отырғанда Әйнекбаев Шойынбай келіп қонғанда, Ердешов Жөгібаймен екеуі әңгімелесіп отырып айтылғанда, менің құлағымда қалған. Сонда Абдрахманов Нұриддин – мен, 14-16 жаста едім. Нәріктің жалғыз баласының өз елі онда Қазанның маңында еді. Сонда қалды Шораның мазары Қазаннан 30 км төменгіде Қарабақба қаласында тұрады. Үзілабай үлкен жолдың үстінде.