Ақын, сазгер Төребек Құтжановтың балалық шағы өткен Саудакентке арнаған әні – “Сағыныш”. Орындаған Айнұр Сұлтанова. Қабыл алыңыздар.

Үй артында аппақ қыз ажарлы едің-ау,
Ұмытқаның сен мені қалай дермін-ай,
Қайран көңіл-ай.
Қызғалдақты қызыл бел естен кетпес-ай,
Гүлді раушан терген күн арай көрдім-ай,
Алаң көңіл-ай.

Қ-сы:
Сағынышым-ай,
Сағымбысың-ай,
Бала кезде қалдырған,
Әнімбісің-ай.

Шабақтының шабағын көп қуғанмын-ай,
Күлтөбеде сені ойлап көп тұрғанмын-ай,
Көп тұрғанмын-ай.
Қоштасарда қия алмай орамалымды,
Саған силап сағынып кеп тұрғаным-ай,
Кеп тұрғаным-ай.

Қ-сы:
Сағынышым-ай,
Сағымбысың-ай,
Бала кезде қалдырған,
Әнімбісің-ай.

Байқадамның көшесі балшық па екен-ай,
Бала кезден өзіңе ғашық па екем-ай,
Ғашықпа екем-ай.
Кішкентайдан бірге өскен сыныптастарым,
Сағынғаннан сендерге асық па екем-ай.
Асық екем-ай.

Қ-сы:
Сағынышым-ай,
Сағымбысың-ай,
Бала кезде қалдырған,
Әнімбісің-ай.